Футбол: қақпашы Буффон 1000 ойын өткізіп, рекорд жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Футболдан «Ювентус» және  Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Буффон өзінің спорттық жолында 1000 ойын өткізіп, Еуропа елдері командаларының арасында рекорд орнатты.

Буффонның мыңыншы матчы 2018 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу жарысындағы Албания құрамасына қарсы ойын болды.

Атап айтар болсақ, ол  «Ювентус» үшін 612 кездесуге қатысты. Сондай-ақ  «Парма» құрамында  220 және Италия құрамасы сапында 168  рет жасыл алаңға шықты.

Сонымен қатар итальяндық қақпашы испандық Икера Касильясаның Еуропа командаларының арасындағы матқа қатысудан жасаған рекордынан да асып түсті.

Бұрынырақ «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионаты кезінде  нәтижелілігі жағынан бірегей рекордқа қол жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар