Футбол фристайлынан тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұңғыш рет футбол фристайлы бойынша ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс ұйымдастырушылары - Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен елордалық «Астана» футбол клубы.

Жарыстан бөлек, бұл шараның мақсаты - Қазақстанда спорттың дәл осы түрін дамытуға қолдау көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын, дене тәрбиесін және спортты насихаттау. Сонымен қатар спорттың аталмыш  түрі бойынша еліміз таланттарын әлемдік деңгейге шығару көзделіп отыр.

«Шараға Ресейден келетін танымал спортшылар, футбол фристайлы бойынша әлем чемпиондары мен «Astana FF» командасы қатысады деп жоспарланған. Онымен қоса, чемпионат барысында УЕФА Еуропа Лигасы аясында өтетін «Астана» - «Вильярреал» (Испания) матчына билеттер мен ойыншылардың қолтаңбасы қойылған футбол доптары ойнатылады. Қазақстан чемпионаты футбол фристайлының - sick3, ironman және routine сынды үш түрінен өтеді, - деді ҚФФ-тің баспасөз-қызметіне сұхбат берген Қазақстан футбол фристайлы федерациясының президенті Қуаныш Әбдуалиев.

Жарыстың басталуы 19 қараша күні сағат 15.00-де «Хан Шатыр» СОСО-да өтеді.

Соңғы жаңалықтар