Футбол: «Ақжайық» «Спартакты» жеңді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Оралдың «Ақжайығы» Латвия чемпионы «Спартакпен» (Юрмала) алаңға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл - оралдық клубтың осы жиын барысындағы алтыншы жолдастық кездесуі. Бұл ойында 57-минутта украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеола 11 метрлік пенальтиді мүлтіксіз орындап, командасына жеңіс әперді. 

«Ақжайық» бұған дейін Арменияның төрт дүркін чемпионы «Ширак» клубын дәл осындай есеппен ұтқан болатын. Онда да А.Эсеола мергендік танытқан еді.

Сонымен қатар украиналық маман Владимир Мазяр жаттықтыратын оралдық команданың келесі қарсыласы да белгілі болды.

Батысқазақстандықтар даниялық «Тистед» клубымен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, 1 наурызда аяқталатын оқу-жаттығу жиыны барысында команда құрамы нақтылануда. Жуырда «Ақжайыққа» жаңадан төрт бірдей ойыншы қосылған болатын.

null 

Соңғы жаңалықтар