«Фукусима» АЭС-індегі апат салдарын жою үшін $195 млрд. жұмсалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония билігі «Фукусима» атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға жұмсалатын қаржы көлемін есептеп шығарды, деп жазады «Хабар 24».

Күншығыс елінің сауда және өнеркәсіп министрі Хиро-сигэ Сэконың мәлімдеуінше зардаптарды жоюға 22 триллион иен, яғни 195 миллиард доллар қажет. Бұл осыған дейін болжанған мөлшерден 2 есе көп.

Қаражаттың біраз бөлігі электр қуаты төлемақысын өсіру арқылы жиналмақ. Бұдан басқа «Фукусима-1» станциясындағы жұмысты атқару үшін «Токио энергетика компаниясына» 13 жарым триллион иен несие берілетін болды. Бірақ реакторлардың қоймаларына жиналған ядролық отынның қандай жолмен алынатыны туралы техникалық мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай тұр.

Соңғы жаңалықтар