Франкфурт әуежайын қар басып, 170 рейс кейінге шегерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия дүйсенбі күні қалың қардың астында қалды. Табиғи апат Майндағы Франкфурт қаласының ірі халықаралық әуежайы жұмысын қиындатты, деп хабарлайды euronews .  

170-ке жуық  рейс кейінге шегерілді. Көптеген ұшақтар өзге әуежайларға қонуға мәжбүр болды. Бұған қоса қалың түскен қар күре жолдардағы қозғалысты да бірнеше шақырымға тоқтатты. Жол-көлік оқиғалары да жиіледі.

Германияның коммунальдық қызметі табиғи апатпен күресті жалғастырып жатыр. Оларға бірнеше шақырым жолды қардан тазартуға тура келеді.

Соңғы жаңалықтар