Француз полициясы атақты Мон-Сен-Мишельден туристерді эвакуациялап жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз полициясы атақты аббаттық орналасқан Мон-Сен-Мишель аралынан туристерді эвакуациялауда, деп хабарлайды Euronews.

Жергілікті БАҚ -тардың жазуынша, жексенбі күні ертемен белгісіз біреу құқық қорғау органдары қызметкерлеріне полицейді өлтіруге ниеттеніп отырғанын айтқан. Қазіргі уақытта оны іздестіріп жатыр.

Мон-Сен-Мишель аббатығы Бретани және Нормандия шекарасындағы шағын аралда орналасқан. Бұл Францияның  ең көп туристер келетін көрікті жерлерінің бірі.

Соңғы жаңалықтар