Француз мотошабандозы жылдамдықты жарты секундта 100 шақырымға жеткізген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциялық мотошабандоз және өнертапқыш Франсуа Жиси өзі жасап шығарған трициклмен жарты секундтың ішінде сағатына 100 шақырымға дейін жылдамдықты арттырған. 

Жисидің рекорды түсірілген кадрлар бұрын "Формула-1" жарысы үшін қолданылған Поля Рикара автодромында жасалған.

Жиси газдалған суы бар бөтелке қағидасын қолданған: егер оны шайқап, қақпағын ашса, фонтан секілді атқылайды. Осылайша, мотошабандоз  қозғалыс құралына резервуарды қосып, кейін оның ішін сумен және сығылған ауамен толтырған.  

Жарыс кезіндегі ең үлкен жылдамдық сағатына 261 шақырымды құраған. 

Соңғы жаңалықтар