Француз бизнесі Қазақстанда өзін жақсы сезінгенін қалаймыз -Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз бизнесі Қазақстанда өзін барынша жақсы сезінгенін қалаймыз. Бұл туралы бүгін Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысынд ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтсек, биыл елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылдығын атап өтпекпіз. Осы жылдар бойы Франция біздің досымыз әрі сенімді серіктестігіміз болғаны барынша маңызды. Біз экономика, білім, ғылым, бизнес, туризм сынды бірқатар бағытта ынтымақтастықтамыз. Бүгін осы залда Қазақстанда жұмыс істейтін француз бизнесінің өкілдері отыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Үкіметі сіздерді бағалайтындығын әрі барлық деңгейде қолдау көрсететіндігін атап өткім келеді», - деді ҚР Премьер-Министрі.
null

Сонымен қатар, ол Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі екендігін баса айтты.

«Бүгінде Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 140-қа жуық бірлескен компания жұмыс істейді. Олардың қатарында Alstom, Airbus сынды ірі компаниялардың өкілдері бар. Біз француз бизнесі Қазақстанда өзін барынша жақсы сезінгенін қалаймыз және бұл бағыттан белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз»,-  деді Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысы қазіргі уақытта Франция азаматтары Қазақстанға визасыз келе алатындығын екі елдің арасында тікелей әуе рейсі ашылғандығын атап өтті.
null

«Қазіргі уақытта Қазақстан өз дамуының өте қызықты әрі қарқынды кезеңінде тұр. Өткен жылы экономика өсімі 4 пайызды құрап, өнеркәсіптің тұрақты өсімі  тіркелді. Біз осы оң динамиканы сақтап, арттыруға ниеттіміз», - деді ол.

nullnull

Соңғы жаңалықтар