Францияның кәсіпкерлік ортасында Елбасының Жолдауы талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елші Жан Ғалиев Қазақстан-француз іскерік кеңесі хатшылығы және Франция «MEDEF» кәсіпкерлік қауымдастығының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуға Қазақстан бойынша «Total» компаниясының вице-президенті Тьерри Дарригран, «DV» консалтингтік компаниясының президенті Денни Верре және «MEDEF International» қауымдастығының директоры Жеральдин Ламбле қатысты.

Кездесу барысында Франция мен Қазақстан мүдделерін орайластыра отырып Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Тараптар экономиканы цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешен, логистикалық инфрақұрылым, «Ақылды қала» салалары және білім беру бағдарламаларында екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудегі үлкен әлеуетті атап өтті.

Жолдаудың мәтіні Іскерлік кеңес хатшылығымен кәсіпкерлік қауымдастығына кіретін барлық француз компанияларына талдау және Қазақстанның жаңа мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін жобаларға қатысу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін таратылатын болады.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Ж. Ламбле «MEDEF» алаңында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі орта бизнеспен дөңгелек үстел ұйымдастыруды ұсынды. Тараптар сондай-ақ бизнес-ахуалды жетілдіру бойынша Кеңес хатшылығымен инвесторлардың ұсыныстарын дайындау тәжірибесін жалғастыруға келісті.

Соңғы жаңалықтар