Францияда оқушылар автобусы пойызға соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда оқушылар мінген автобус пойызға соқтығысып қалды. Нәтижесінде 4 оқушы мерт болып, тағы 19 адам зардап шеккен деп хабарлайды Reuters .

Агенттің хабарлауынша, көлік апаты Миле  қаласы маңында бейсенбі күні болған. Апаттан кемінде төрт оқушы мерт болып, тағы 19 адам зардап шеккен.

«Миледе болған қайғылы апат қабырғамды қайыстырды. Арнайы қызмет пен полиция жұмыс жасауда. Мен оқиға орнына бармақшымын», - деп жазды Францияның көлік министрі Элизабет Борн өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Апаттың неден болғандығы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар