Францияда McDonald's мейрамханаларының бірінде жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Гренобль қаласындағы мейрамханалардың бірінде жарылыс болды. Бұл туралы Le Dauphine Libere хабарлады.

Басылымның дерегіне сүйенсек, жарылғыш зат әжетханаға қойылған. Мейрамхана қонақтары мен қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді. Жарылыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс жасауда. 

Соңғы жаңалықтар