Францияда лаңкес супермаркетте адамдарды кепілге алған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Францияның оңтүстік-батысындағы Од департаментінің Треб коммунасындағы супермаркеттердің бірінде лаңкес адамдарды кепілге алған. Бұл жайлы «Франс Пресс» агенттігі хабарлады.

Деректерге қарағанда, ер адам супермаркетке кіріп, оқ жаудыра бастаған.

Жергілікті прокуратураның мәлімдеуінше, «содыр өзін ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - ред.) лаңкестік ұйымына тиесілі екенін» айтқан. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, құрбандар бар.

Лаңкесті ұстауға 150 полицей жұмылдырылған. Арнайы операция жүргізіліп жатқанын жергілікті билік те растады.

 

Соңғы жаңалықтар