Францияда екі әскери тікұшақ апатқа ұшырады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік-шығысында Вар департаментінде екі әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

БАҚ ақпараты бойынша, апатқа ұшыраған Gazelle үлгісіндегі екі әскери тікұшақ. Екеуінің де Ealat әскери мектебіне тиесілі екендігі анықталды.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар тікұшақтың бірінде болуы мүмкін алтыншы адамды іздестіруде.

Әуе апатының мән-жайы әзірге белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар