Франция мигранттарға тосқауыл қою үшін қабырға салады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Кале қаласындағы кемежайға барар жолды жағалай бетон қабырға тұрғызыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл - заңсыз мигранттардың нөпірін тежеу үшін жасалған амал. Биіктігі - 4 метр, ал ұзындығы бір шақырымға жететін қабырғаның құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Жоспар бойынша ол бұған дейін тартылған темір қоршаудың жалғасы болмақ. Айта кеткен жөн, Кале қаласының іргесінде мигранттардың заңсыз лагері орналасқан.

Мұнда тұратын босқындардың дені Ла-Манш бұғазы астындағы туннель арқылы Ұлыбританияға жетуге асық. Сондықтан олар кемежайға өтіп, су көліктеріне заңсыз мініп кетіп жатады.

Соңғы жаңалықтар