Франция елшісі ШҚО-ның киелі жерлерін аралайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда алтын соғу технологиясы түркілерден басқа әлемнің ешбір елінде болмаған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты.

Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездескен облыс басшысы елшіге өңірдің өндіріс саласындағы әлеуеті жөнінде сөз қозғады.

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанның тарихына да тоқталып, Елшіні Берелдегі Патшалар жазығы мен Зайсан ауданындағы Шілікті қорымдары сияқты киелі орындарды аралауға шақырды. Әкім өз сөзінде  Шығыс Қазақстанда б.з.д. VII ғасырда түркілердің бірегей металлургиялық технологиясы болғанын атап өтті. Сондай-ақ, алдағы таңда б.з.д. VII және IV ғасырларда болған «зауыттар» табылуы ықтимал деген үміт барын жеткізді.

«Біз ұлттық мәдениетімізбен мақтанамыз. Көпшілік біздің халықтың көшпелі тұрмысы үлкен мүмкіндіктерге жол ашпаған деп ойлайды. Алайда, біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда Шығыс Қазақстанда ата-бабаларымыз бірегей металлургиялық технологияны игергені дәлелденіп отыр. Әлемнің ешбір елінде ол уақытта алтын соғу технологиясы болған емес. Өткен жылдары үлкен көлемде артефакт қазып алдық. Сол зергерлік бұйымдар мен қару-жарақтар ата-бабаларымызда болған жоғары металлургиялық мәдениетті айғақтайды. Сөзсіз, бұл осы күндерге дейін болған мемлекеттіліктің жоғары деңгейін көрсетеді, - деп атап өтті әкім.
null 

Елші археология саласында серіктестік орнату, оның ішінде Патшалар жазығы француздық сарапшылар үшін өте қызықты екенін атады. Өз кезегінде Филипп Мартинэ аймақ басшысының шақыруын қабыл алып, турист ретінде келетінін жеткізді. Кездесу барысында сондай-ақ, өңірде француз тілін заманауи әдіс бойынша оқыту туралы келісім жасалды.

null null 

Соңғы жаңалықтар