Франция елшісі ҚР Тəуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ ҚР Тәуелсіздігі күніне орай, қазақ тілінде бейнеқұттықтау әзірледі. 

Ролик елшіліктің Фейсбуктағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрметті қазақстандық достар ! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қиындықпен қол жеткізген тәуелсіздіктеріңіз мәңгілік болсын! Қазақстан - бейбіт өмірдің жаршысы, маңызды бітімгерші ретінде танылып, әлемдік аренада сый-құрметке лайық болсын!» - деді Филипп Мартине.

Елші биыл Қазақстан мен Францияның дипломатиялық байланысының 25 жылдығын атап өткенін еске салды жəне ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсеріне үміт білдірді.

"Көпұлтты Қазақстанға бейбітшілік пен келісім тілеймін. Көк туларыңыз көк аспанда әрқашан желбірей берсін! Қазақстанның Рухани Жаңғыруы сәтті өтсін!", - деп өз сөзін түйіндеді Франция елшісі.

Бұған дейін АҚШ елшісі Джон Крол мен Ұлыбритания елшісі Кэролин Браун Қазақстан халқын Тəуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтаған еді.

Соңғы жаңалықтар