Франция билігі отставкаға кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция билігі елде өткен парламенттік сайлау қоытындысына сәйкес, отставкаға кетті, деп хабарлады Gazeta.ru France Info сайтына сілтеме жасап. 

Онда елдің премьер-министрі Эдуард Филиптің президент Эммануэль Макронға министрлер кабинетінің отставкасы туралы өтінішті бергендігін айтылған.

Порталдың мәліметтері бойынша Макрон оны қабыл алып, үкімет басына Филипті тағайындаған. Сонымен қатар Франция басшысы 21 маусымның кешіне дейін елдің министрлер кабинетін жасақтауды тапсырған.

Парламенттік сайлаулардан кейін үіметтің отставкаға кетуі Францияда саяси дәстүр болып қалған. Ол ел заңнамасында көрсетілмеген.

Соңғы жаңалықтар