Фоторепортаж: ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - 18 қаңтар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы айда Қазақстан төрағалық етіп отырған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары деңгейлі брифингінде сөз сөйлейді.


Еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру міндеті ҚР-ның БҰҰ жанындағы, қазіргі кезде Қайрат Омаров басшылық етіп жатқан Тұрақты өкілдігінің ұжымына жүктелген.

«ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына ҚР-ның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңсесіне барған меншікті тілшісінің фоторепортажын ұсынады.

Қазіргі кеңсені 2007 жылдың 25 қыркүйегінде Н. Назарбаев ресми түрде ашқан болатын. Ол қазақстандық дипломаттардың жұмыс істеуіне өте қолайлы жерде - Манхэттеннің шығысындағы 47-ші шығыс көше, 305-үйде, БҰҰ тарихындағы екінші Бас хатшы Даг Хаммершельд атындағы алаңның тұсында орналасқан. Жүз метр жерде Бүкіләлемдік Трамп мұнарасы World Trump Tower, ал 300 метр қашықтықта БҰҰ ғимараты тұр.

Тұрақты өкілдік үшінші қабатта, мемлекеттік символдармен қатар орналасқан, кең холлды Қазақстан жайлы кітаптар, еліміздің сұлу табиғаты мен ұлттық колориті өрнектелген суреттер, сондай-ақ Мемлекет басшысының портреті безендіріп тұр.

ҚР-дың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде 22 қазақстандық дипломат жұмыс істейді.

Еске сала кетелік, Қазақстан Республикасының Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы, Женевада халықаралық ұйымдар жанындағы, Парижде ЮНЕСКО жанындағы, Венада халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктері бар.








Соңғы жаңалықтар