Forbes 2017 жылғы ең көп ақша төленетін футболшыларды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналы құрастырған  2017 жылғы ең көп ақша төленетін футболшылардың тізімінде португалиялық Криштиану Роналду  бірінші орында тұр.

32 жастағы Мадридтің «Реал» командасының шабуылшысы және Португалия құрамасының сапында Еуропа чемпионы атанған  Роналду тізімде қатарынан төртінші рет  бірінші орынды еншіледі. Басылымның бағалауы бойынша 2016 жылдың 1 маусымынан 2017 жылдың мамыры аралығында ойыншы 93 миллион доллар тапқан. Оның шамамен 58 миллионы - оның жалақысы клубтағы бонусы, ал қалғандары жарнамалық келісімшарттардан түскен.

 Екінші орында - «Барселона» және Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси. Оның кірісі жылына 80 миллион долларды құрайды. Мұның 50 миллионы - жалақысы мен клубтағы бонустары.

Үшінші орын табысы 34 миллион долларға жеткен  «Барселонаның»  тағы бір ойыншысы бразилиялық Неймардың еншісіне тиді. 

Соңғы жаңалықтар