Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -11 °С
Алматы: 8 °С
USD 319.65 EUR 393.33
RUB 5.67 CNY 50.47
Жаңалықтар

Физулидің «Диуан» дастаны «Әлем жады» бағдарламасының тізіліміне енді

2018 жылғы 15 ақпан 10:39 421
Бөлісіңіз:
Физулидің «Диуан» дастаны «Әлем жады» бағдарламасының тізіліміне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы әзербайжан ақыны Физулидің «Диуан» атты қолжазбасының түркі (әзербайжан) тіліндегі көшірмесі «Әлем жады» бағдарламасының тізіліміне енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжан кәсіподағының V съезі президент сайлауына Илхам Әлиевтің кандидатурасын ұсынды

Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінен Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының Мұхаммед Физули атындағы Қолжазбалар институтының директоры, академик Теймур Керимлиге бұл жөнінде хат жіберілген.

Байланыс және ақпарат секторының меңгерушісі Боян Радойков онда Халықаралық консультативтік комитеттің 2017 жылғы 24-27 қазан күндері өткен 13-ші отырысында осынау тарихи-мәдени мұраның Бағдарлама тізіліміне енгізілуі оны адамзат үшін сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсететіні жазылған.

Айта кетейік, аталған шығарма «Диуанның» Физули дүние салғаннан кейін 16 жылдан соң, 1572 жылы түркі тілінде Бакуде көшірілген ең танымал нұсқасы болып табылады.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат