Фируза Шарипова Таразда айқас өткізуді жоспарлауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WIBA және WBU тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова қалған екі айқасты отанында өткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды Sports.kz . 

Бұл туралы толығырақ оның менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді. «Біз Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевпен кездестік. Ол Милена Колеваны ұтып, екі чемпиондық титулды иеленгені үшін Фируза Шариповаға Тараздан пәтер кілтін сыйлады. Сондай-ақ, біз алдағы жоспарлармен бөлісіп, сәуірдің соңында - мамырдың басында Фируза Шариповның айқасын Таразда өткізу туралы келістік. Ал, оның алдында, қарашаның соңында - желтоқсанның басында Фируза Алматыда немесе Мәскеуде тағы бір жекпе-жек өткізеді. Ол да отанында ойын көрсететініне өте қуанышты, себебі ол Тараз бен Қазақстанның атын әлемге танытқысы келеді», - деп атап өтті Сергей Завилейский.

Еске салайық, Фируза Шарипова 26 тамыз күні Астанадағы кәсіпқой бокс кешіндегі басты айқаста болгарлық Милена Колеваны жеңіп, WIBA және WBU тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулын иеленді.

Соңғы жаңалықтар