Фируза Шарипова Сингапурде жекпе-жек өткізуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың менеджері Сергей Завилейский  Сингапурде қазақстандық боксшының жекпе-жегін өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Qazaq kuresi бойынша жарыстар ұйымдастырудың мүмкіндіктері талқыланады. Бұл туралы Завилейский спортшының баспасөз мәслихатында айтты.

«SportelAsia конвенциясы аясында Сингапурдегі Қазақстан елшілігі өкілдерімен кездесті. Қазіргі таңда Фирузаның жекпе-жегін осы елде өткізу мүмкіндіктерін талқылаймыз. Сондай-ақ, Qazaq kuresi бойынша жарыстар өткізу талқыланып жатыр. Таяу уақытта толық ақпарат береміз», - деп бөлісті Сергей Завилейский.

Еске салайық, SportelAsia әлемдік спорт телеарналарының ең беделді конвенциясы қазіргі уақытта Сингапурде өтіп жатыр. Қазақстанның атынан оған Фируза Шарипованың промоутерлік компаниясы FSK Promotion мен Qazaq kuresi қатысып жатыр. 

null 

Соңғы жаңалықтар