Финляндия Қазақстанға bim-технологиясын енгізуге көмектеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, Finnish Business Hub және «Collaprime» фин компаниясы жобалау, тұрғын үй және әкімшілік ғимараттарды, сондай-ақ қолданыстағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысын салуда BIM-технологиясын енгізу бойынша бірлесіп жұмыс атқару жолдарын талқылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  ҚР инвестициялар және даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

«Collaprime» - интеллектуалды 3D үлгілерін пайдалану негізіндегі ғимараттарды ақпараттық модельдеуде BIM-технологияларын енгізу бойынша 2016 жылғы Финляндияның үздік компаниясы болып табылады, сондай-ақ бірнеше халықаралық сыйлықтардың иесі. Мамандар осы технологияның арқасында сәулет элементтерін, инженерлік жүйелер мен құрылыс конструкцияларын жобалау бойынша ғимараттарды және инфрақұрылымды тиімді жоспарлау, жобалау, салу және пайдалану мүмкіндігін арттыра алады.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ еншілес ұйымдары - "ТКШ дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС (ТКШД ҚазҒТО ЖШС), «Үлгілік және тәжірибелік жобалаудың ғылыми-зерттеу институты (Тұрғын үй институты)» ЖШС  (ҮТЖҒЗИ) және «Астана Қызмет» БК» ЖШС BIM-технологияларын энергиялық жобалау кезінде қолдану мүмкіндігін талқылады, ол жобалаудың ерте кезеңдерінде негізсіз және қате қабылданған техникалық шешімдерді жою мәселесі қарастырылды.

«2020 жылдан бастап Қазақстан толығымен еуропалық құрылыс стандарттарына негізделген жаңа  нормаларға ауысатын болады. Яғни, «Collaprimе» компаниясымен бірлестігіміз ақпараттық модельдеуді дамытуға айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Жақын арада бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді жоспарлап отырмыз», - деді «ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Өмірбаев.

«Collaprime» Бас директоры Тони Линквис компанияның BIM-технологияларын енгізу және қазақстандық мамандарды оқыту бойынша үлкен жоспарлары бар екендігін айтты.

«Біз өз тәжірибемізге сүйеніп Астанада BIM технологиялары бойынша арнайы құзіреті бар орталық құруды жоспарлап отырмыз. Бұл нысан құрылысының алғашқы құрылыс кезеңі басталып жатқанда-ақ тұтынушыларға, дизайнерге және құрылысшыларға жоба пайдалануға берілген кезде қандай болатынын алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл барлық тараптар үшін ортақ көзқарас қалыптастырып, құрылыстың құнын және уақытын қысқартуға сеп болады», - деп атап өтті Тони Линквист.

«Финляндияның BIM-технологиясын толыққанды пайдаланып келе жатқанына шамамен 30 жыл болды, біз Қазақстанда үш жыл ішінде, яғни 2020 жылға қарай көшуді жоспарлап отырмыз. Осы мақсаттағы бірлескен жұмыс BIM технологияларын енгізуде финдердің жіберген қателіктерін Қазақстанда қайталамауға мүмкіндік береді, - дейді Finnish Business Hub директоры Мұхтар Манкеев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылы құрылыс нысандарын жобалау кезінде құрылыс алаңдарын жобалауда ақпараттық моделдеу технологиясын енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясының ақпараттық модельдеу технологиясына көшу тұжырымдамасы, сондай-ақ кейбір нормативтік-техникалық құжаттар әзірленді. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің базасында саланы ақпараттық моделдеуге көшу туралы ұсыныстарды дайындау және мониторинг жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

 «Collaprime» - интеллектуалды 3D үлгілерін пайдалану негізінде ақпараттық модельдеуді құруды қамтитын бағдарламалық жасақтаманы әзірлейтін жетекші фин компаниясы. «Collaprime» 2016 жылы Финляндиядағы BIM-технологиялар саласындағы ең үздік BIM-жобасының жеңімпазы, сондай-ақ «Global» сыйлығының лауреаты. Қазіргі уақытта, компания BIM-технологиялары бойынша шамамен 50 жобаны (атомдық электр станциясы зауытын салу кезінде Росатом және Fennovoima компаниясының инженерлері мен дизайнерлерімен өзара қарым-қатынас жасау, Финляндиядағы аурухана, университеттердің және бизнес-орталықтардың 5D-модель және т.б.) аяқтады.

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

"Тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС (ТКШД ҚазҒТО" ЖШС) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың кешенді ғылыми-техникалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. ТКШ ҚазҒТДО қызмет түрлері: инновациялық ресурстарды үнемдейтін технологияларды, материалдарды, техникалық және басқару шешімдерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы озық тәжірибені енгізу, саладағы іргелі және қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерге қатысу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандарының біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды жүргізеді.

«Үлгілік және тәжірибелік жобалаудың ғылыми-зерттеу институты (Тұрғын үй институты)» ЖШС  (ҮТЖҒЗИ) 1964 жылы құрылған «Астанагорпроекттің» мирасқоры болып табылады. 3D-технологияларды қолданатын тұрғын үй және азаматтық нысандарды жобалауда көшбасшы. НИИТЭП елорданың бірқатар маңызды нысандарын: «Астанадағы Қазақстандағы концерт залы», «Астанадағы теннис алаңы», «Думан» ССО және тағы басқаларын жасады. 50 жыл ішінде НИИТЭП 2000-нан астам объектілерді әзірледі. Қазіргі кезде, компанияның тапсырыстар портфелінде облыстық және республикалық ірі нысандар бар, соның ішінде 3D технологияларды қолдана отырып әзірленген және жобаланып жатқандары да бар.  

Соңғы жаңалықтар