Фин студенттері ғарышқа жасанды спутник ұшырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аалто университетінің студенттері жасанды спутник құрастырып, оны ғарышқа ұшырды, деп хабарлайды Росбалт.

БАҚ таратқан мәліметтерге қарағанда, бірнеше спутник бар зымыран тасығыш құрылғы Үндістан аспанынан жіберілген. Студенттердің спутнигі ғарыш орбитасына фин техникасын жеткізген.

Спутникте радио, компьютер, антенна және күн панелі орнатылған. Ғарыштағы барлық тиісті ақпараттарды борттық компьютер Эсподағы зертханаға жіберіп отырады.

 

Соңғы жаңалықтар