Фин маманы «Сарыарқа» ХК-нің бас жаттықтырушысы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 58 жастағы фин маманы Кари Хейккиля қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Екі жақ бір маусымға келісімшарт орнатты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кари Хейккиля 1960 жылы 10 қаңтарда Кангасала қаласында (Финляндия) дүниеге келген.

Ойыншы (қорғаушы) ретінде 1978-ші жылдан 1994-ші жылға дейінгі уақыт аралығында келесі клубтарда өнер көрсеткен: «Калгари Рэнглерс», «Виктория Кугарс» (Канада, WHL), «Ильвес» (Тампере, Финляндия), «Лулео», «Вита Хястен» (Швеция), «Фасса» (Италия).

Финляндия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, онда 277 ойынға қатысқан. Өз елінің құрамасы үшін Хейккиля сегіз ойын өткізген.

Оның жаттықтырушы ретіндегі еңбек жолы 1994 жылы «Сундсваль» швед клубында басталған. Бапкер, сонымен қатар, шведтік «Буденмен», финдік ХПК, «Васса спортпен» және «Кэрпэт» клубтарымен жұмыс істеген. 2004-ші жылы Хейккиля Ресей чемпионатындағы алғашқы фин жаттықтырушысы атанған. Маман ярославтік «Локомотивті» 2004-2005, 2007-2010 жылдарғы маусымда, магнитогорлық «Металлургті» (2010-2011), минскілік «Динамоны» (2012), нижнекамскілік «Нефтехимикті» (2013-2014), ригалық «Динамоны» (2015-2016), финдік «Лукконы» (2016-2017) жаттықтырған. 2017-2018 жылдары «Ильвес» фин клубында спорт менеджері қызметін атқарған.

Сонымен қатар ол 2012 жылы өткен әлем чемпионатында Беларусь Республикасының ұлттық құрамасымен жұмыс істеген. 

Соңғы жаңалықтар