Филиппин президенті елде әскери жағдай енгізуі мүмкін екендігін мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин президенті Родриго Дутерте егер есірткі саудасы проблемасы «шешуі қиын түйінге айналса», елде әскери жағдай енгізу мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды «Российская газета».

«Егер есірткі саудасы өзекті мәселеге айналып, қатты өрбісе әскери жағдай жариялаймын. Мені ешкім тоқтата алмайды», - деп мәлім етті көшбасшы, елдің оңтүстігіндегі Давао қаласында сауда палатасының мүшелерімен кездесу барысында.

Дутерте президенттік қызметке тағайындалғанда елін барлық қауіп-қатерден, соның ішінде есірткіден қорғауға ант бергендігін атап өтті. Дутертенің айтуынша, есірткіге елту төрт миллион филиппиндіктің проблемасы болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар