Филиппин президенті 1,2 млн доллардың көліктерін бульдозермен таптатып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин президенті Родриго Дутерте жемқорлықпен күрес мақсатында елге заңсыз кіргізілген ондаған люкс санатындағы автомобильдерді бульдозермен таптатып тастады, деп хабарлайды Reuters.

Жалпы құны 1,2 млн долларды құрайтын барлығы 20 көлік жойылған, кейбіреуінің құны 100 мың доллардан асады.

Мемлекет басшысы жемқорлық қылмыспен күрестің осындай жолын таңдаған.

«Шенуніктер ондай көлікке мінбеуі керек, машиналарды металға өткізіп, ойыншық жасап шығарыңдар»,- деген мәлімдеме жасады Дутерте.

Соңғы жаңалықтар