ФИФА жылдың ең үздік 10 голын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2017 жылдың ең үздік гол авторына берілетін Ференц Пушкаш сыйлығына үміткерлердің есімдерін атады. Бейнежазба FIFATV-дің YouTube-каналында жарияланды.

Сыйлық үшін 10 футболшы бақ таластыратын болады: Кевин-Принс Боатенг («Лас-Пальмас», Испания), Алехандро Камарго («Универсидад де Чили», Чили), Дейна Кастельянос (17 жасқа дейінгі Венесуэланың әйелдер құрама командасы), Мусса Дембеле («Селтик», Шотландия), Оливье Жиру («Арсенал», Англия), Авилес Уртадо («Тихуана», Мексика), Марио Манджукич («Ювентус», Италия), Оскарине Масулуке («Барока», Оңтүстік Африка Республикасы), Неманья Матич («Челси», Англия), Жорди Мбула («Барселона-Б», Испания).

Ференц Пушкаш сыйлығы 1950-ші жылдарғы «Реал» шабуылшысының құрметіне беріледі. 2009 жылдан бастап табыс етіліп келеді. Марапаттың қазіргі иесі - Малайзияның «Пулау Пинанг» командасының өкілі Фаиз Субри.

Соңғы жаңалықтар