ФИФА жылдың ең әдемі голына үміткерлерді атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат   - ФИФА Ференц Пушкаш  наградасына - жылдың үздік голының авторы сыйлығына үміткерлер тізімін жариялады. Бұл марапат маусымдағы ең әдемі гол салған футболшыға беріледі.

Дәстүр бойынша, ФИФА әр елде және дивизиондарда салынған он голды іріктеп алды. Бір қызығы, номинацияда әлемнің үздік футболшылары ғана емес жұртшылыққа белгісіз ойыншылардың да есімдері де бар.

Атап айтқанда, топ-10 тізіміне Венесуэланың жасөспірім қыздар  құрамасының мүшесі Дейна Кастельянос те енген.

Өзге үміткерлердің арасында: Алехандро Камарго ("Универсидад де Чили", Чили), Мусса Дембеле ("Селтик", Шотландия), Кевин-Принс Боатенг ("Лас-Пальмас", Испания), Авилес Уртадо ("Тихуана", Мексика), тіпті қақпашы  Оскарине Масулуке ("Барока", ОАР) де бар.

Соңғы жаңалықтар