Фидель Кастро қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро 90 жасында өмірден озды, деп хабарлады Франс Пресс Куба көшбасшысы Рауль Кастроға сілтеме жасап.

Фидельдің қайтыс болғанын кубалық телеарналар да жария етті, деп жазды Рейтер агенттігі.

Фидель - кубалық революционер, мемлекеттік және саяси қайраткер. 1926 жылы 13 тамызда дүниеге келген. 1976 жылдың желтоқсан айынан бастап, 30 жыл бойы Куба Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы болды. Сонымен бірге, Ф.Кастро Революциялық қарулы күштердің бас қолбасшысы және Ұлттық қорғаныс кеңесінің төрағасы  қызметін атқарған.

Ол 2006 жылы 31 шілдеде денсаулығының сыр беруіне байланысты өз міндетін Мемлекеттік кеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы қызметін өз інісі Рауль Кастроға тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар