Фермерлердің бірігуі есебінен ауылда жұмыссыздық қысқаруда - ҚР АШМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру - ауылдардағы жұмыссыздықты қысқартуға ықпал етуде. Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылығы кооперациясы біздің бағдарламаның негізгі бөлігі. Бүгінде шағын әрі орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту белсенді түрде жүріп жатыр. Егер де 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында 326 кооперативті құру межесін белгілесек, 1 тамыздағы жағдай бойынша 517 кооператив құрылды. Атап айтқанда, ауылдардағы жұмыспен қамтылу секілді маңызды мәселе осы бағдарламаның арқасында шешіліп жатыр»,-деді Айтуғанов.

Оның айтуынша, осы 517 копператив 53,5 мың жеке шаруа қожалық пен ұсақ және орта шаруашылықтарды, сондай-ақ отбасылық бордақылау алаңдарын қамтып отыр.

Белгілі болғандай, ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін кепілзатсыз және бастапқы жарнасыз модульдік сүт қабылдаушы және бордақылау пунктерін алу жүйесі жасалды. Сонымен қатар кооперативтер мүшелеріне несие алу тетіктері қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар