Феникс» бюджетінің 1,5 млн теңгеден астамы Жаманқұлов балаларының жеке жүргізушісіне жалақыға төленген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Феникс» киносын түсіруге арналған ақшаны режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов жеке жүргізушісіне төлеген, ол балаларды мектепке, спорт секцияларына тасыған. 

Бұл туралы куәгер Азамат Дүйсембаев айтты.

 «Маған Нурик атты танысым хабарласып, мені жүргізуші етіп орналастыра алатынын айтты. Сосын мен Наталья Юдинаға (атқарушы продюсер) қоңырау шалдым. Ол Тұңғышбай Жаманқұловтың нөмірін берді. Мен Жаманқұловпен сөйлесіп, 2014 жылғы мамырда жұмысқа қабылдандым. Өз көлігіммен Жаманқұловтың балаларын тасыдым», - деді ол.

Ай сайын оның карточкасына150 мың теңге жалақы түсіп тұрған. «Феникс» киносы қайда түсірілгенін білмеймін. Ара-арасында бухгалтерді банкке апарып отырдым», - деп атап өтті куәгер.

Басқаша айтқанда, жүргізуші кино түсірілімі кезінде өз міндеттерін орындамаған.

Өз кезегінде, куәгер Әлима Мұхаметқалиева кино режиссері  Талғат Жәнібековке  пәтерін 115 мың теңгеге жалға бергенін айтты.  Пәтер бірнеше айға жалға берілген, бірақ заңды деректер бекітілген жоқ.

Тергеу деректеріне сәйкес шығын сметасында «Феникс» киносын түсірген уақытта пәтер жалдау шығыстары көзделмеген. Жәнібеков тұрғын үй жалдауға жалған құжаттар ресімдеген. Осылайша, 1,2 млн теңге жымқырған.

 

Соңғы жаңалықтар