Федерация кубогы: Қазақстандық теннисші қыздар канадалықтарға есе жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Монреальда Федерация кубогы ІІ Әлемдік тобының төртінші плей-офф ойынында Канада - Қазақстан матчы өтті, деп хабарлайды Sports.kz .

Ярослава Шведова (51-інші) екі сетте Бьянка Андреескуға (188-інші) 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Канада - Қазақстан матчы 3:1 есебімен солтүстікамерикалық теннисшілердің пайдасына аяқталды. Олар енді келесі жылы ІІ Әлемдік топта өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, құрамалар капитандарының шешімімен теннисші қыздар матч нәтижесіне еш әсер етпейтін соңғы - бесінші матчты ойнай алады. Жұптық разрядта Қазақстан құрамасынан Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева, Канадада Габриэла Дабровски мен Катрин Себов ойнайтыны жоспарланған еді.  

Соңғы жаңалықтар