Фариза Оңғарсынованың шәкірті атыраулық оқушыларға шеберлік сабағын өткізуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Фариза Оңғарсынованың шәкірті Әлия Дәулетбаева Атырау қаласында мектеп оқушыларына шеберлік сабақ өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған онкүндік аясында өтуде.

Ақын шеберлік сабақтарында өлең жазуды ешкім үйретпейтіндігін, алайда, өлең жазуға ден қойған қабілетті балаларға ақындар тарапынан қолдау көрсетіліп,  оларды баулуға болатындығын айтты.

«Өлең жазу міндет емес, адам болу міндет екені» адамзат баласының басты қағидаты болуы қажет», - деді ол.

Сондай-ақ ақын өзінің туып-өскен жерін, ана тілін сүюдің құдіретін білудің ғажаптығына тоқталды. Ондай ұрпақтың ұлттың қамына алаңдайтын азамат болып қалыптасарына өмірден түрлі мысалдар келтірді.

Әлия Дәулетбаеваның шеберлік сабағында, алдымен оқушылар өздерінің сүйіп оқитын ақындарының өлеңдерін жатқа айтса, енді бірі елордамыз Астанаға, туған жерге арнап жазған жыршумақтарын нақышына келтіре оқыды.null

Соңғы жаңалықтар