Falcon 9 зымыран тасығышын ұшыру кейінге қалдырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - SpaceX компаниясы сенбі күнге жоспарланған SES-11/EchoStar 105 қос мақсатқа қолданылатын телекоммуникациялық спутникті алып ұшатын Falcon 9 зымыран-тасығышын ұшыруды кейінге қалдырды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Енді ғарыш аппаратының ұшырылуы 11 қазан күні АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақытымен сағат 18:53-те жүзеге асырылады деп белгіленді. SpaceX компаниясы ұшыру уақытының кейінге қалдырылуын қосымша уақыт керектігімен түсіндірді.

Жер серігін орбитаға жеткізу үшін SpaceX  бұған дейін қолданылып, Жерге қайтып оралған Falcon 9 бөлігін қайта пайдалануды жоспарлап отыр.

Falcon 9 орбитаға бірден 10 телекоммуникациялық жер серіктерін жеткізуі тиіс.

Сонымен қатар, компания 9 қазанда Калифорния штатындағы АҚШ Әскери әуе күштерінің Ванденберг бөлімінен тағы бір зымыран ұшыруды көздеп отыр. Falcon 9 орбитаға бірден 10 телекоммуникациялық серіктерді шығаруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар