Facebook желісі қолданушылар фотосының ұрлануына тосқауыл қоймақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі өзінің қолданушыларының жеке мәліметтерінің ұрлануын алдын алмақ. Осыған орай Facebook мамандары арнайы бағдарлама әзірлеп, өзгенің фотосын өзінің жымысқы әрекеті үшін қолданушылар үшін қосымша тосқауыл қойып, бақылауды күшейтпек, деп жазады БЕЛТА.

Атап айтқанда, ендігі кезекте әлеуметтік желі қолданушысының суретін өзі ғана емес, одан жасалған скриншотты да пайдалануды шектемек. Әзірге бұл операция  Үндістандағы пайдаланушыларға ғана қолжетімді. Бұл функция уақыт өте желінің барлығын қамтиды. 

Соңғы жаңалықтар