Facebook-те автожол үстінде билеген қазақ қызының видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісінде автожол бойында билеген бойжеткеннің видеосы пайда болды.

Видео Қазақстан қалаларының бірінде түсірілген. Қыз бала түнде, төрт жолақты үлкен автомобиль жолының бойында тұрып билейді. Бейнежазбадан бұрылыстан шыққан автокөліктердің бірі «биші» қыздан алысырақ жүруге тырысқаны көрініп тұр.

Желіні пайдаланушылардың бірі шетелдік әннің ырғағына қозғалған қыздың биіне тәнті болып:  «Тамаша», «Керемет», «Өнерің өрге жүзсін», деген пікірлерін білдірсе, бірі оның бұл әрекетін сынға алды.  «Биі күшті екен,бірақ жолдың ортасы қауіпті ғой. Ай жастар ай!», «Биге емес, машина қағып кетпейді ма деп қарап тұрдым», - дейді олар. Facebook-тің тағы бір пайдаланушысы видео Тараз қаласында түсірілгенін жазды.

Соңғы жаңалықтар