Facebook таза кірісін 71%-ке ұлғайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың екінші тоқсанында Facebook-тің таза кірісі 3,89 млрд доларды құрады, деп жазады korrespondent.net. Бұл туралы компанияның есебінде көрсетілген.

әлFacebook-тің биылғы қаржы айналымы 9,32 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 45%-ке көп. Сондай-ақ компанияның таза кірісі 71%-ке ұлғайып, 3,89 млрд долларды құрады.

Компанияның негізгі кірістерін жарнама құрап отыр, ол 98,3%.

Facebook желісіне ең құрығанда айына бір рет кіретіндерді қоса алғанда желіні пайдаланушылар саны 17 пайызға артып, 2,01 млрд адамды құрады.

Соңғы жаңалықтар