Facebook-та рулық алауыздық тудырған шымкенттік екі жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Шымкентте әлеуметтік желіде рулық алауыздық тудырғаны үшін ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат otyrar.kz-қа сілтеме жасап.

Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен азамат И.С. ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-тармағы бойынша айыпты деп танылып, екі жыл бас бостандығынан айырылды.

Іс материалы бойынша анықталғандай, сотталушы И.С. өзінің танысы А.А.-ның Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына кіріп, Қоңырат руынан шыққан қыздар туралы жазбаны оқыған. Аталмыш жазба оған ұнамаған және жауап ретінде Дулат руына жататын қазақтар туралы теріс пікір қалдырған.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар