Facebook қолданушылары 360 градустық сурет түсіре алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Фейсбук» әлеуметтік желісінің мобильді қосымшасында 360 градустық сурет түсіру функциясы пайда болды. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.

Жаңа опцияны қолдану үшін қосымшаның ішінде камераны қосып, мәзірде сәйкес бөлімді таңдау қажет.

Көлемді суреттерді түсіру үшін арнайы модуль  қажет емес, тек смартфонның камерасын бағдарламаның нұсқаулығына сәйкестендірсеңіз болды. Компанияда атап өткендей, жаңа функция компьютерлік көру мен машиналық оқу технологиясы негізінде  жұмыс істейді.

«Фейсбук» жаңартылған қосымшаны бірте-бірте енгізуге ниетті, алайда таяу уақытта оны Android пен iOS ұялы қосымшаларының барлық қолданушылары алуы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар