Facebook балаларға арналған қосымшаны таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook корпорациясы балаларға арналған мессенджерді іске қосуда. Messenger Kids деп аталатын жаңа қосымша ата-аналарға балалары кіммен әңгімелесіп жатқанын толығымен бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы дүйсенбі күні әлеуметтік желінің сайтында хабарланды.

«Бүгін АҚШ-та Messenger Kids жаңа қосымшаның таныстырылымын өткіземіз. Қосымша арқылы балалар алыстағы ата-аналарымен видеочатпен байланысып, отбасымен және достарымен хат алмаса алады», - делінген таратылған хабарламада.

Атап өтілгендей, қосымша баланың смартфонына немесе планшетке орнатылады. Ата-ана мессенджерді, ондағы достардың тізімін өз аккаунты арқылы бақылайды.  Осылайша, балдырғандар әке-шешесі мақұлдаған адамдармен ғана сөйлесе алады.

Сондай-ақ жаңа қосымшада жарнама мүлдем жоқ.

Қосымшаның мақсатты аудиториясы - Facebook ережесіне сай бұған дейін жеке аккаунтын ашуға тыйым салынып келген - 13 жасқа дейінгі балалар.

Бүгінгі күні қосымша тек АҚШ аумағында ғана қолжетімді.

 

Соңғы жаңалықтар