Facebook акцияларының бағасы 3,9 пайызға төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Цукерберг жұма Facebook-те жаңалық қалыптастыру алгоритмін өзгертуге ниет білдіргеннен кейін компания акцияларының бағасы 3,9 пайызға төмендеді. 

Естеріңізде болса, жұма күні Марк Цукерберг жаңалықтар лентасының өзгеретінін хабарлаған еді.

«Алғашқы өзгерістер жаңалықтар таспасына қатысты болмақ. Сіздер (қолданушылар) ол жерден достарыңыз, отбасыңыз және топтар туралы ақпаратты жиі көретін боласыздар. Себебі, біз осы жоспарды бірінші орынға қоймақпыз. Ал, компаниялардың, брендтер мен БАҚ-тың жариялаған материалдары таспадан сирек көрінеді», - деп жазды Цукерберг өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осыдан соң Facebook-тің акциялары 3,9% арзандап, 2,9 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын келді.

Bloomberg Billionaires Index агенттігінің мәліметінше, осы өзгерістен кейін оның байлығы 77,3 миллиард доллардан 74,4 миллиард долларға дейін кеміді.

Соңғы жаңалықтар