Фабио Ару «Тур де Франс» қорытындысында бесінші орынды иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының шабандозы Фабио Ару «Тур де Франс» қорытындысы бойынша бесінші орынға тұрақтады. Көпкүндік веложарыс Елисей жазықтарында аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ақтық кезеңнің жеңімпазы голландтық «Lotto NL-Jumbo» командасының шабандозы Дилан Груневеген атанды, мәре сызығынан екінші болып «Lotto Soudal» командасының мүшесі, неміс Андре Грайпель өтті, үшінші болып норвегиялық «Dimension Data» командасынан Эдвальд Боассон Хаген келді.

Ақтық кезең нәтижесі бойынша «Астана» командасынан жоғары көрсеткішке 22-інші болып келген Бақтияр Қожатаев ие болды. «Астана» командасының қалған шабандоздары бұл кезеңді келесідей көрсеткіштермен аяқтады:

Андрей Зейц - 53-м, Фабио Ару - 58-м, Михаэль Вальгрен - 62-м, Андрей Гривко - 107-м, Дмитрий Груздев - 116-м. Жалпы есеп: 1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky») - 86:20:55 2. Ригоберто Уран (Колумбия, «Cannondale-Drapac») - +0:54 3. Ромен Барде (Франция, AG2R) - +2:20 5. Фабио Ару (Италия, «Астана») - +3:05 42. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - +1:59:09 59. Михаэль Вальгрен (Дания, «Астана») - +2:25:36 65. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») - +2:39:10 86. Бақтияр Қожатаев (Қазақстан, «Астана») - +3:04:11 108. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») - +3:24:42 113. Андрей Гривко (Украина, «Астана») - +3:32:14.

Соңғы жаңалықтар