Фьюри денсаулығы туралы есеп өткізбесе, WBA титулынан айыруы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) британдық боксшы Тайсон Фьюриді украиндық Владимир Кличкомен жекпе-жекті кейінге қалдыруының себебі туралы қосымша ақпарат бермесе, чемпиондық белбеуінен айыруы мүмкін.

Бұл туралы WBA президенті Жилберто Мендоса хабарлады, деп жазды Worldboxingnews порталы.

Фьюри - Кличко қарымта кездесуі 9 шілдеде өтуі тиіс еді, алайда британдық боксшының жарақатына байланысты, 29 қазанға ауыстырылды.

2015 жылы қараша айында Германиядағы 12 раундық жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Фьюри Кличконы жеңіп, IBF, IBO, WBO және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды. Кейінірек, британдық міндетті қорғауды өткізуден бас тартқаны үшін IBF атағынан айырылды.

Фьюри кәсіби рингте жеңіліс тауып көрмеген - 25 айқаста 25 жеңіс (18 нокаут). Ал Кличко 68 жекпе-жек өткізіп, 64-інде (53 нокаут) басым түсті.

Соңғы жаңалықтар