Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 312.74
EUR 334.73
RUB 5.56
CNY 45.43

Эйр Астана оқу-жаттығуға байланысты ұшу кестесі өзгеруі мүмкін екенін ескертті

Эйр Астана оқу-жаттығуға байланысты ұшу кестесі өзгеруі мүмкін екенін ескертті
2017 жылғы 20 сәуір 11:57 256

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астанадан және Қарағандыдан ұшатын рейстер әскери парадқа дайындық жүруіне байланысты аэродром ауданында әуе кеңістігі жабылуы салдарынан өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы «Эйр Астана» АҚ корпоративтік коммуникация департаменті хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жылдығына арналған ауқымды шараға дайындық өтеді. Шеру құрамының бірі ел әуе қорғанысы күшінің әуе техникасын көрсету болып табылады. Өзгерістер туралы қосымша ақпаратты +7(727) 2 44 44 77 и +7(717) 2 58 44 77, моб. + 7 702 702 44 77 телефондары арқылы броньдау және ақпарат орталығынан, сондай-ақ авиакомпанияның ресми сайтынан алуға болады.

Бұдан басқа, броньдау кезінде байланыс деректерін қалдырған жолаушыларға СМС-хабарлама жіберіледі.

 

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер