Эйр Астана компаниясы Алматы әуежайындағы рейстердің бөгелуіне қатысты түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Эйр Астана компаниясы Алматы әуежайындағы рейстердің бөгелу себебін түсіндірді.

Олардың айтуынша, аэродром жабық болғандықтан рейстер бөгеліп жатыр .

«2017 жылдың 29 мамырында 20 ішкі және сыртқы рейс Алматы әуежайынан уақытында ұша алмады. Өйткені әуежай жабық болды. 29-30 мамыр күні түнгі 1-ге дейін ұшу жолағында жөндеу жұмыстары жүрді. Бұл жоспарланбаған еді. Кестесі бұзылған рейстердің жолаушылары СМС арқылы хабарлама алды. Ал әуежайда 2-4 сағат күтуге мәжбүр болған жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын берілді», - деді әуе компаниясының баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, Эйр Астана компаниясы жолаушыларға жолға шықпас бұрын +7727 444477 арқылы ұшу кестесін бір қарап тексеріп алуға кеңес берді.

Соңғы кездері Алматы әуежайы техникалық себептерге байланысты 2 рет жабылған еді.

Соңғы жаңалықтар