«Эйр Астана» компаниясы «Airbus А320neo» ұшақтарына басымдық береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш жылда «Эйр Астана» әуе паркі жаңа ұшақтармен толығады.  Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Эйр Астана» әуе компаниясы қарқынды дамып келеді. Парк 31 ұшақтпен қамтылған және олардың орташа жасы 6-8 жылды құрайды. «Эйр Астана» әуе тасымалдаушы компаниясы 2020 жылдың соңына дейін «Airbus А320neo» әуе көлігінің 10 данасын алуды жоспарлауда. 2019 жылы екі «Боинг 787» ұшақтары алынады»,-деді А. Айдарбаев.

Бұдан бөлек ол жаңадан ашылған әуе рейстеріне тоқталды. 2017 жылы Астанада  9 жаңа халықаралық әуе бағдарлары ашылды.

«2019 жылы Токио мен Сингапурға, ал 2020 жылы Шанхай мен Нью-Йоркке әуе байланысын ашу жоспарланып отыр»,- деді Алик Айдарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлт жоспарының 67-қадамында «Эйр Астана» әуе тасымалдаушы және «ҚТЖ» ұлттық компанияларын ірі халықаралық оператор ретінде дамыту ескерілген.

Соңғы жаңалықтар