«Эйр Астана» Дубайдан келетін рейстің кешігу себебін түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астананың» 20 қазан сағат 21:00-ге жоспарланған Дубай-Астана бағытындағы рейсі уақытында ұшқан жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әуе компаниясының мәліметінше, ұшырылымның кешіктірілуіне техникалық ақаулар себеп болған.

«Эйр Астананың» Дубай уақыты бойынша 20 қазан сағат 21:00-ге жоспарланған  Дубай-Астана бағытындағы КС 208 рейсі техникалық себептерге байланысты кешіктірілді. Рейске тіркелген 117 жолаушы қонақ үйлерге орналастырылды. Бүгін Алматыдан ұшқан таңертеңгілік рейспен инженеріміз қосалқы бөлшекті алып Дубайға аттанды. Ендігі КС 208 рейсінің ұшырылу уақыты Дубай уақытымен 21 қазан сағат 13:00-де», - деп хабарлады «Эйр Астана» АҚ-ының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.

Әуе компаниясы келеңсіз жағдайға байланысты өтемақы төлеуге уәде етті. Өтемақы бойынша сұрақтарды [email protected] . сайтына хат арқылы жолдауға болады. 

Соңғы жаңалықтар