Эйфель мұнарасында жүгіруден жарыс ұйымдастырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі Эйфель мұнарасында эстфета ұйымдастырылды, деп хабарлайды Хабар24.kz.

Парижге осы сайысқа қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 129 атлет келген, оның қырқы кәсіби спортшы. Биіктігі 324 метрді құрайтын мұнараның төбесіне жүгіріп жету үшін оларға 1665 баспалдақ сатысын еңсеруге тура келді.

Ер адамдар арасында Петр Лободзинский мәре сызығын бірінші болып, 7 минут 57 секунд ішінде аттады. Ал Австралиядан келген Сьюзи Уолшем әйелдер арасында мұнара төбесіне 10 минут 2 секундта жетіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бұл шара 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға арналды.

Соңғы жаңалықтар