EXPO-2017 қарсаңында елордалық құтқарушылар ағылшын тілін үйренуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық шеңберінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде мамандарды ағылшын тіліне оқыту курстары басталды.

Тіл үйренуге қалалық департамент және оның ведомстволық бағынысты әрі құрылымдық бөлімшелерінің инженерлік-инспекторлық құрамы тартылды, барлығы 62 адам.

Халықаралық көрмені өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар туындауының алдын алу мақсатында тілдік кедергіні жою қажет. Осы орайда, инженерлік-инспекторлық құрам көрменің шетелдік қонақтары мен қатысушыларының сұрақтарына сауатты әрі анық жауап беруі тиіс. Оқу бағдарламасына сәйкес, бастаушы және жалғастырушы топтарға барлығы 72 академиялық сағат жоспарланған. 

Курс аяқталысымен қызметкерлер ағылшын тілінде өзін-өзі таныстыру, шетелдік қонақтармен әңгіме жүргізу бойынша тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат табысталатын болады.

Соңғы жаңалықтар